Карымхан Ақмарал Адилқызы филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы. 2022 жылы ҚазҰУ, филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасында «Екі шет тілі» мамандығын үздік дипломмен аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесін алды. Сол жылы осы факультет және мамандықтың магистратурасына түсіп, 2024 жылы "Шет тілдерін оқытуда бейімделген мәтіндерді қолдану" тақырыбында магистрлік диссертациялық жобасын өте жоғары дәрежеде қорғап, "педагогика ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежесін алды. Карымхан А.А. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық журналдарда бірнеше ғылыми мақалалардың авторы. Бейімделген мәтіндерді шет тілдерін оқытуда қолдану маңыздылығын, қазақ тіліндегі әр түрлі жанрлардағы мәтіндерді бейімдеу мәселелерін зерттеп, 2024 жылы ғылыми жетекшісі М.Қ. Мамбетова және Б. Нұрланғазықызымен бірлескен авторлықта "Бейімделген мәтіндер табиғаты: тілді үйретуде қолданылуы" атты монографиясы жарияланды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2022
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0